12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні

12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні.

Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.
Қазақтан шыққан тұңғыш академиктің ғылым саласында жолын қуған ізбасарлары аз емес.
Қазақстандық ғылым күніне орай Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек институтымыздың ұжымына құттықтау хат жолдады.
Жылы тілектермен қатар, қазақстандық ғылым алдында жаңа креативті идеялар мен шешімдер қажет ететін мақсаттар мен міндеттер тұрғанын атап өтті.
Айта кетерлігі, күні бұрын Ғылыми кеңестің кезекті отырысында республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми жетекшілері ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.
Біз ғылымның дамуына зор үлес қосып келе жатқан ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ