«Қаржы орталығы» өкілі Altynsarin institute-ң студенттерімен кездесті

«Қаржы орталығы» өкілі Altynsarin institute-ң студенттерімен кездесті

2023 жылдың 13 сәуірінде «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен 2023 жылдың мемлекеттік білім беру гранты, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» бағдарламасы шеңберінде оқыту квотасы және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квотаны қоса алғанда бітіруші түлектерге арналған «Міндетті еңбек өтімі» тақырыбында онлайн ақпараттық-түсіндіру конференциясы өтті.

Кездесудің басты мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын жас мамандардың оқуды бітірген соң жұмысты өтеу жөніндегі ҚР «Білім» туралы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары туралы толық ақпарат беру, сондай-ақ осы міндеттерді орындауын бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету шеңберінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Шараға «Қаржы орталығы» АҚ-ның бас маманы Мұратқызы Құралай арнайы қатысты. Кездесуде сөз алған маман бітіруші түлектерге оқуды бітірген соң міндетті жұмыс жасап өтеу бойынша ҚР «Білім» туралы Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары туралы жан-жақты толық ақпарат берді.
Атап айтқанда, «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 17-тармағына, ҚР үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы №390 қаулысымен бекітілгенжас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес түсіндірме ақпарат айтылды. «Қаржы орталығына» қандай негізгі құжаттар өткізу керектігі жайлы хабарланды. Сонымен қатар АҚ «Қаржы орталығы» бас маманы Мұратқызы Құралай еңбек өтемін қай мекемелерде атқаруға болатыны, қай санаттағы түлектер заңға сәйкес еңбек өтемінен босатылатыны, еңбек өтемін жасамаған жағдайда қандай салдары болатыны туралы сауалдарға жауап берді.
Ақпараттық-түсіндіру конференциясы барысында түлектер толық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілді.
Кездесу еркін форматта, сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Онлайн кездесуде ЖОО бітіргеннен кейінгі жұмысты өтеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайда бюджеттен жұмсалған қаржыны мемлекетке қайтару мәселесі төңірегінде мәселе көтерілді.
Altynsarin institute-ң мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттерімен қатар оқу ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы, бөлім мамандары да сауалдарын жеткізді. Ашық диалог аясында өткізілген кездесу кезінде сұрақтарға «Қаржы орталығы» АҚ өкілі мен институт өкілдері жауап берді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ