Altynsarin institute оқытушылары білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін талқылауға қатысты

Altynsarin institute оқытушылары білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін талқылауға қатысты

Бүгін онлайн-форматта ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының базасында «Бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды бағдарламаларын әзірлеу және енгізу тәсілдері» атты семинар өтті.

Семинар жұмысына ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының басшылығы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі директоры, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. сонымен қатар, Altynsarin institute Академиялық бағдарламалар, әдістемелік және ғылыми жұмыс офисінің жетекшісі Жұмабаева С.Б., институттың ББ жетекшілері де тыс қалмады.
Семинардың мақсаты - бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу, жобалау мәселелері мен перспективаларын анықтау.
Айта кетерлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі мен Лиссабон конвенциясы арнасындағы қызметі жетекші шетелдік университеттерде білім бере отырып, бірлескен және қос дипломды білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Бұл биыл бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына да сәйкес келеді.
Іс-шарада бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеудің, іске асырудың, аккредиттеудің және танудың негізгі мәселелері мен аспектілерін талқыланды. Семинар интернационалдандыруды одан әрі кеңейтуге қызмет етеді және болашақта ЖЖОКБҰ-ның шетелдік серіктес университеттермен қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуға алып келеді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ