Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметінде инклюзивті білім беру

Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметінде инклюзивті білім беру

Арқалық педагогикалық институтының Дене шынықтыру және спорт ББ бағдарламасының ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметінде инклюзивті білім беру» тақырыбындағы семинар өтті.

Семинарға «Дене шынықтыру және спорт» ББ бағдарламасының 1-2 курс студенттері, оқытушылар құрамы және қала мектептерінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың өткізудегі мақсаты: Студенттерді білім берудегі инклюзивті процестерді ұйымдастыру мен басқарудың негізгі ережелерімен таныстыру; мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды модельдеу сызбаларын бөліп көрсету және жалпы және арнайы білім берудің маңызды әлеуметтік-мәдени феномені ретінде интеграцияланған оқыту туралы түсінік беру болып табылады.
Семинар барысында инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтары, инклюзивті саясат, инклюзивті мәдениет, инклюзивті тәжірибе тұжырымдамалары қарастырылды. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту, бағалау және қолдау моделі талқыланып, дене шынықтыру сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді. Мектеп мұғалімдері білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың озық тәжірибелерімен таныстырды.

13

ББ жетекшісі С.К. Бейсенбаевтың айтуынша «Инклюзияның негізгі мақсаты – жеке тұлғаның әлеуетіне жету, білім алуға қол жеткізу және әрбір адамның қоғамға интеграциялануы. Бұл тәсіл мұғалімдерден үлкен кәсіпқойлықты талап етеді: оқушымен жеке жұмыс істеуге икемділік пен дайындық, бір-бірімен байланысты мамандар командасымен жұмыс істей білу, кикілжіндерді шешу және стереотиптерді жеңу, барлық оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін тиімді жоспарлау».
Алтынсарин атындағы институт ғалымдары мен оқытушыларының дене шынықтыру сабақтарында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру, оқу маршрутын салу және оны білім беру ұйымдарында жүзеге асыру шарттары туралы баяндамалары тыңдалды.
Атап айтқанда:
«Мүмкіндігі шектелген тұлғаларға инклюзивті білім берудің жалпы сипаттамасы» тақырыбында ББ бағдарламасының аға оқытушысы Абилхаиров О.Е. баяндама оқыды. Баяндамада «Инклюзивті білім беру» ұғымының мәнін анықтап, инклюзивті білім берудің негізгі категорияларымен таныстырды.
«Дене шынықтыру және спорт» ББ бағдарламасының аға оқытушысы Ершатов Қ.Б. «Инклюзивті білім беру тұрғыларының вариативтілігі» тақырыбында баяндама жасап, «Интеграция», «мэйнстриминг», «инклюзия», «Білім беру ортасы», «Инклюзивті білім беру ортасы» түсініктерінің мазмұнын білдірді.
Аға оқытушы Култанов Д.Т. «Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектелген балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің модельдері» атты баяндамасын оқыды. Психологиялық-қолдаудың субъектілерін және негізгі сатыларын анықтап өтті.
«Дене шынықтыру және спорт» ББ бағдарламасының аға оқытушысы Толегенов Т. «Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектелген балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологиялары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологияларын анықтады.

14

Семинар тыңдаушылары инклюзивті білім берудің аландататын мәселелерін талқылау және оқытудың тиісті әдістерін тәжірибе жүзінде дамыту бойынша топпен жұмыс жасап, белсенділік танытты.
Семинар қорытындысы бойынша болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың білім беру бағдарламаларын енгізу бағытында одан әрі тиімді жұмыс жасау мақсатында ұсыныстар жасалды.

15

17

16

18

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ