Altynsarin institute-ң тарихшылары пәндік олимпиадада 3 орын алды
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері Қарағанды қ. Buketov University-де өткен XIV Республикалық студенттік олимпиадаға қатысты.
Биылғы Тарих пәнінен республикалық олимпиада «Қазақ» газеті және ұлттық тарих» атауымен өтіп, «Қазақ» газетінің 110-жылдығына арналды. Білім сайысында еліміздің 16 жоғары оқу орындарынан 16 команда өз бақтарын сынады. Олимпиада 5 турда өтті: таныстыру, «Қазақ» газеті - Отан тарихының дереккөзі (газеттің 110 жылдығына)» тақырыбы бойынша жоба қорғау, капитандар сайысы – эссе жазу, «Танымал тұлғалардың цитаталары» интеллектуалды ойыны, тест сұрақтарына жауап беру.
Екі күндік жарыстын қорытындысы бойынша жоғары білім деңгейін көрсеткен Altynsarin institute-ң «Торғай ұландары» командасы 3 жүлделі орынға ие болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Команда жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Конкина Г.С. айтуынша: «Барлық студенттер тамаша өнер көрсетті. Командамыздың құрамына Тарих білім беру бағдарламасының әр курсынан бір студентті таңдап алдық. Олимпиадаға тыңғылықты дайындықтан кейін олар өздерінің жоғары білім деңгейін растады».
Айта кетерлігі, институт командасының құрамында 4 студент қатысты: 4 курс студенті Құдайберген Арман, 3 курс студенті Тұрсынбек Раушангүл, 2 курс студенті Жүсіп Әулетбек, 1 курс студенті Абдикаримова Жазира. Топты дайындаған философ.ғ.к. АрқПИ профессоры Конкина Г.С. және аға оқытушы, магистр Өтеулі М.С.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Ұйымдастырушыларға және команда жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз!