"Мамандығым – мақтанышым": алдыңғы жылдар түлектерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел

"Мамандығым – мақтанышым": алдыңғы жылдар түлектерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел

Altynsarin institute-де «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылары «6В01506-География», «6В01511-География және тарих», «6В01512-Биология және география» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушылары.
Кездесудің негізгі мақсаты – институт түлектердің жеке тәжірибелері негізінде студенттерді болашақ кәсіби қызметімен таныстыру, еңбек нарығындағы маманның практикалық маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Өз сөзінде География ББ жетекшісі Калкашев С.Г. География мамандығының зерттеу бағыты «Жер туралы ғылым және цифрлық географияға» негізделгенін атап өтіп, білім берудің заманауи технологияларын, мамандықтың құзыреттік дағдыларын сипаттап өтті. Сондай-ақ География ББ аға оқытушысы Бөлтірік Мақсұтбек Ыбышұлы сөз алып, кәсіби мансап құру туралы, сондай-ақ бітірушілерге қойылатын құзыреттіліктер мен біліктілік талаптарының деңгейі туралы, бітіруші түлектерге өзінің еңбек жолындағы қызықты сәттерін айтып берді.
Студенттер таңдалған бағыттың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларымен, сонымен қатар жұмыс берушілердің ЖОО түлектеріне қоятын талаптарымен таныстырылды.

5

Кездесуге АркПИ-дің өткен жылдардағы түлектері шақырылды, олардың көпшілігі педагогикалық жолды таңдап, қала мен облыстың әр түрлі ұйымдарына мамандығы бойынша жұмыстарын атқарып жүрген мамандар. Атап айтсақ:
Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның география пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Пэк Александр Викторович; М. Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектептің география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Жумагулов Серік Бақытбекұлы; Арқалық қаласы № 10 жалпы орта білім беретін мектебінің география пәні жоғары санатты мұғалімі Карашинов Батырхан Серикбаевич; А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Дәулетова Сымбат Оразовна; Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептен Жақан Диана Сәлімгерейқызы; Ішкі істер органдарының қызметкері, Арқалық қаласы полиция басқармасы кезекші бөлімінің жедел кезекшісі полиция капитаны Алиев Батырхан Сабитханович келіп қатысты.

6

7

Студенттермен болған әңгімеде қонақтар студенттік өмірінен естеліктер айтып, институтта кәсіби дайындықтан өткеннен кейін осы мамандықты тауып, өзін-өзі ұстау туралы және педагогикалық шеберліктің сырларымен бөлісті, педагогикадағы өткен жолы, кәсіби қызметіндегі қиындықтары мен жетістіктері туралы айтып берді.
«Нағыз мұғалім болу үшін мұғалім қиын жолдан өтеді. Ол жиі күмәнданады, қиындықтарды бастан кешеді. Бірақ өзін жеңу оған жаңа күш пен жаңа мүмкіндіктер береді. Әрине, бұл студенттердің өздері үшін қызықты, олар ең бастысын түсінеді: олар қиын, бірақ тамаша мамандықты таңдады», - деп атап өтті қонақтар.

8

Дөңгелек үстел қатысушыларға жоғары оқу орнынан кейінгі жұмыспен қамту мәселесі бойынша өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді, болашақта оқу процесінде әрбір студент кәсіптік білім алуда институт беретін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдалануы, өндірістік тәжірибеден өтуде белсенді және шығармашылық болуы керек деген ортақ пікірді қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қатысушылар арасында түлектердің білім ерекшеліктері мен мамандық бойынша жұмысқа орналасу арасындағы байланыс, мамандық бойынша жұмыс істеудің жалақыға және жұмысқа қанағаттанушылыққа әсері туралы еркін пікір алмасу болды.
«Кездесу жылы атмосферада өтті. Өткен жылдардағы түлектермен танысу қызықты болды, олардың бәрі бір-бірінен өзгеше, әрқайсысының өз тағдыры бар, бірақ олардың барлығын АркПИ өмірінің бір бөлігіне айналғаны біріктіреді. Олардың көпшілігінің педагогикалық әулеттерін жалғастырғаны өте қуанышты, яғни мұғалім мамандығы әрқашан сұранысқа ие және өзекті болып қала береді», - деп студенттер өз әсерлерімен бөлісті.

9

Дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер қоғамымыздың түрлі әлеуметтік маңызды мәселелерін қозғап, бірінші курс студенттеріне нақты ұсыныстарды шешуге бағыттады. Әңгіме барлық қатысушылар үшін белсенді, қызықты және өте мазмұнды болды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ