Altynsarin institute – 2023 жылғы студенттік көктемнің жеңімпазы

Altynsarin institute – 2023 жылғы студенттік көктемнің жеңімпазы

Altynsarin institute студенттері Қостанай қаласында өткен Қостанай облысының жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Студенттік көктем-2023» шығармашылық фестивалінде үздік атанды.

Фестивальге Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Рудный индустриалды институты, «Челябі мемлекеттік университеті» Қостанайлық филиалынан 60-қа жуық студент қатысты.
Іс-шараның ашылуында Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Дүйсеков Абай құттықтау сөз сөйледі. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, студенттер үшін жылдың басты оқиғаларының бірі «Студенттік көктем» екенін атап өтті.

2

Екі күнге ұласқан іс-шараға аймақтық жоғары оқу орындарынан келген студенттер өз өнерлерін көрсетіп, қазылар алқасын шеберлігімен, шығармашылықтарымен таң қалдырды. Фестивальдің негізгі идеясы – шығармашылық байқау және спорттық жарыстар сынды екі бағыт бойынша үздік университеттерді анықтау.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болған гала-концертте 6 кәсіптік білім беру ұйымының үздік шығармашылық нөмірлері жұлдызды бағдарламаға айналды. Байқау қорытындысы бойынша «Студенттік көктем-2023» фестивалінде Altynsarin institute командасының бағдарламасы үздік шығармашылық бағдарлама аталып, 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, спорттық жарыстарда команда шағын футболдан және баскетболдан жүлделі 3 орынды жеңіп алса, би батлында таза жеңіске жетті.

3

«Фестивальдегі жеңіс – бұл ең алдымен өзіңді жеңу, өйткені біз жаңа кезеңге жеттік. Бұл өзін-өзі жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік», - дейді ұжым жетекшісі Батырова Зульфия Николаевна.
Айта кетерлігі, Қостанай қаласындағы «Жас Отан» ЖҚ корпоративтік қорымен және Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып отырған студенттік фестиваль дарынды студенттері анықтаумен қатар, Қостанай облысындағы өскелең ұрпақтарды шығармашылық іс-әрекетке бейімдеп, қызығушылығын арттыруға бағытталған.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ