Мұғалімдер мектепке дейінгі балалардың ақпараттық қауіпсіздігін талқылады
Altynsarin institute «Мектеп жасына дейінгі баланың ақпараттық қауіпсіздігін цифрлық әлем жүйесінде ұйымдастыру» тақырыбында қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар мақсаты: Балалардың цифрлы технологияларды қауіпсіз қолданудағы білімдері мен дағдыларын жетілдіру мен қорғау бойынша мектепке дейінгі ұйымның педагог-тәрбиешілеріне цифрлық біліктілігін тиімді дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістемелерді ұсыну, ғаламтордың жаңа тәуекелдері мен қауіптері жайында ғылыми-теориялық тұрғыда түсініктерін қалыптастыру.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының ұжымы ұйымдастырған семинар теориялық және практикалық бөлім түрінде өтті. Іс-шараға «Алтын кілт», «Ақбота», «Алпамыс» мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері, тәрбиешілері мен психологтары бар педагогикалық қызметкерлер шақырылды.
Қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесін талқылады. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ММ басшысы Р.Е. Жанділдина өз баяндамасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын ақпараттық кеңістікте балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытудың заманауи педагогикалық технологияларына оқытудың тиімді тәсілдерін анықтау қажеттігін атап өтті.
Семинар барысында педагог-психологтардың да пікірлері тыңдалды. Олардың пікірінше, мектеп жасына дейінгі балаларды қорғау мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділікті бақылау және шектеу арқылы шешуге болады. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесі ақпараттық ортаның құрамдас бөліктерімен, оның мектеп жасына дейінгі балаларға әсер ету ерекшеліктерімен байланысты қауіптерді анықтауды көздейді; осы мәселелерде мұғалімдердің құзыреттілігін арттырудың бағыттары мен жолдарын анықтау.
Семинардың практикалық бөлімі Quiver, Tik Tok, Padlet қосымшалары арқылы ойын және шығармашылық тапсырмаларды орындау түрінде өтті.
Ұжымдардағы барлық жақсы үйлестірілген жұмыс: мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсібилігі, бастамасы, белсенділігі, құзыреттілігі расталды. Ғылыми-әдістемелік семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.