Аккредитация сәтті өтті
2023 жылдың 3 мамырында Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының халықаралық аккредитациясы бойынша IAAR (independent agency for accreditation and rating) сарапшылық тобының сыртқы аудиті өтті.
Аккредиттеу кеңесі сыртқы бағалау нәтижелерін ескере отырып, «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ-ның 23 білім беру бағдарламасы Халықаралық аккредитацияны алу үшін қажетті талаптарға сәйкес келеді деп шешті.
Сараптама нәтижесі 5 жыл мерзімге халықаралық аккредиттеу сертификаттарын алу болды, бұл бағдарламалардың IAAR стандарттарына сәйкестігін растайды.
№ |
ББ коды |
Білім беру бағдарламасының атауы |
Сертификат № |
Мерзімі |
Жыл |
Сілтеме (жүктеу) |
1 |
6В01101 |
Педагогика және психология |
АВ 4664 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
2 |
6В01201 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
АВ 4665 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
Жүктеу
|
3 |
6В01202 |
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог-психолог |
АВ 4666 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
4 |
6В01301 |
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
АВ 4667 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
5 |
6В01701 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
АВ 4668 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
6 |
6В01704 |
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті |
АВ 4669 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
7 |
6В01703 |
Шетел тілі: екі шетел тілі |
АВ 4670 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
8 |
6В01706 |
Ағылшын тілі |
АВ 4671 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
9 |
6В01702 |
Орыс ілі мен әдебиеті |
АВ 4672 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
10 |
6В01705 |
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
АВ 4673 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
11 |
6В01501 |
Математика |
АВ 4674 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
12 |
6В01507 |
Математика және физика |
АВ 4675 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
13 |
6В01508 |
Математика және информатика |
АВ 4664 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
14 |
6В01502 |
Физика |
АВ 4677 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
15 |
6В01509 |
Физика және информатика |
АВ 4678 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
16 |
6В01503 |
Информатика |
АВ 4679 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
Жүктеу |
17 |
6В01513 |
Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және роботехника |
АВ 4680 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
18 |
6В01504 |
Химия |
АВ 4681 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
19 |
6В01510 |
Химия және биология |
АВ 4682 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
20 |
6В01505 |
Биология |
АВ 4683 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
21 |
6В01512 |
Биология және география |
АВ 4684 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
22 |
6В01506 |
География |
АВ 4685 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
|
23 |
6В01511 |
География және тарих |
АВ 4686 |
28.04.2023 – 27.04.2028 |
5 жыл |
Айта кетерлігі, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) өз қызметін білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ғана емес, танылған (аккредиттелген) білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы, оқу орнының бәсекелестік артықшылықтарын анықтауға, оның беделін арттыруға және білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтарында беделін көтеруге мүмкіндік беретін жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының рейтингі туралы өзекті ақпарат беру үшін.
Аккредиттеу және рейтинг туралы пайдалы ақпарат көмегімен стейкхолдерлер тарапынан сенім деңгейін және іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тиімділігін анықтауға болады.
Түлектер үшін әсіресе, білім туралы құжатты алған оқу орнының білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық деңгейде танылған Агенттікпен аккредиттелгені маңызды болып табылады.
Егер сіз басқа деңгейде оқуды немесе жұмыс іздеуді жалғастыру үшін Қазақстаннан тыс жерде болсаңыз, алдымен сізден оқу орны мен білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы ақпарат сұралады.
Еске сала кетсек, халықаралық аккредиттеу – бұл білім беру бағдарламаларының халықаралық және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімі, жоғары білім беру сапасы кепілдігінің Еуропалық қауымдастығының ENQA мүшелері болып табылатын және білім беру сапасы кепілдігінің Еуропалық тізілімінде EQAR тіркелген аккредиттеу агенттіктері жүзеге асырады.
Халықаралық аккредиттеудің негізгі принциптері:
- тәуелсіздік, объективтілік және кәсіпқойлық
- аккредиттеу процедуралары туралы ақпараттың ашықтығы, анықтығы және өзектілігі
- шешім қабылдаудың алқалылығы
Білім беру ұйымдарына халықаралық аккредиттеудің бәсекелестік артықшылықтары
Жоғары оқу орындарына:
- жоғары оқу орындары беретін біліктіліктің халықаралық танылуы, салыстырмалылығы және айырбасталуы, білім беру мен қызметтердің жоғары сапасының кепілдігін, олардың халықаралық талаптарға сәйкестігін растау
- жоғары оқу орындарының тартымдылығын және жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының нәтижелілігі мен тиімділігіне негізгі стейкхолдерлер тарапынан сенімділікті арттыру
- өз қызметінің және іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының деңгейін сапалы бағалау, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, әлеует және даму болашағы туралы объективті ақпарат алу
- әлемдік білім беру кеңістігіне кең ықпалдасу және білім беру қызметінің сыртқы нарығына шығу
- білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарығында имидждің өсуі және бәсекелестік позициялардың нығаюы
- институционалдық өзгерістерді жеке жоғары оқу орындарына ғана емес, еліміздің жоғары білім жүйесінің барлық деңгейінде қолдау
Білім алушыларға:
- шетелдік серіктес жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлықтың түрлі бағдарламаларына қатысу
- магистратура және докторантура бағдарламаларына басқа шетелдік жоғары оқу орындарына түсу
- түлектің ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мамандығы бойынша елде және шетелде жұмысқа орналасу
Бұл аккредиттеу институттың кадрларды дайындаудағы барлық сапа стандарттарына толық сәйкес келетінін көрсетті. Институт білім сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады және қоғамның, студенттеріміздің, олардың ата-аналары мен жұмыс берушілердің жоғары үміттерін ақтауға ұмтылады.
Aktynsarin institute ұжымы мен студенттерін халықаралық аккредитациядан сәтті өтуімен құттықтаймыз!