«Еркін ел ұрпағы»: жалпыұлттық патриоттық диктант

«Еркін ел ұрпағы»: жалпыұлттық патриоттық диктант

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі және Жеңіс күні қарсаңында мерекелері қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбындағы жалпыұлттық патриоттық диктант жазу өтті.

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырды. 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді.
Осыған орай, Altynsarin institute-ң жастары да белсенділік танытты. Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының ұйымдастырумен өткен диктант жазу іс-шарасына 75 аса студент қатысты. Диктант мәтінін аға оқытушысы Таутина Бақытгүл Ағзамқызы оқыды. 141 сөзден тұратын мәтін 3 рет оқылды. Бірінші кезекте тыңдаушылар мазмұнымен танысты. Екінші рет оқылғанда жазды, үшіншісінде өз қателерін қарады.
Жалпыұлттық диктант этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, ұлттық салт-сананы бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге үндейтін шарада қатысушылар өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік алмақ.
1) диктант жазушылардың жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктант жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
3) диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады;
4) диктант бағаланбайды.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын іске қосу тапсырмасы берілген болатын.

2

3

4

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ