Altynsarin institute-ң студенті қазақ күресінен чемпион атанды

Altynsarin institute-ң студенті қазақ күресінен чемпион атанды

2023 жылдың 1-4 маусым күндері Павлодар қаласында Қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі Жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Ел біршілігінде Астана, Алматы қалалары мен еліміздегі барлық облыс орталықтарынан жалпы саны 20 команданың жас спортшы балуандары бақтарын сынап, боз кілемнің шаңын қақты.
Тартысты бәсекеде 60 кг салмақта Altynsarin institute-ң 4 курс студенті Әкімбек Қайрат бес кездесу өткізіп, жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

2

«Менің барлық қарсыластарым өте жақсы дайындалды, олардың әрқайсысының өз техникасы мен күрес тактикасы болды. Бірақ мен оларды жеңе алдым» - деді жас чемпион.
Жас балуанның жаттықтырушылары Рыздыков С.Т., Ерадилов А.К. спортшымыз болашақта биіктерді бағындырып, көк туымызды желбіретеді деп мол үміт күтіп отырғанын айтты.
Республикалық чемпионатында жеңіске жеткен жеңімпазымыз ұйымдастырушылар тарапынан грамота, медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Спортшымызды және оның жаттықтырушыларын республикалық деңгейдегі сәтті өнерімен құттықтап, әлем чемпионатында жеңіске жетулеріне тілектеспіз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ