Облыс басшысы Құмар Ақсақалов Altynsarin institute-не келді

Облыс басшысы Құмар Ақсақалов Altynsarin institute-не келді

Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, БАҚ және қоғам белсенділері Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында болды.

Сапар барысында облыс әкімі оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты, сондай-ақ, оқу үдерісін талапқа сай жүргізу үшін жабдықталған оқу кабинеттері мен лабораториялардың, спортзалдардың жұмысы көрсетілді.
Altynsarin institute басқарма төрағасы – ректор Ержан Әмірбекұлы өңір басшысын сапалы білім беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, институттың даму перспективалары мен жоспарларына, басқа да бірқатар мәселелерге тоқталды.

2

"Институтымыз білім беру бағдарламалары өңірді дамытудың алдағы жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта институтта магистратураны ашу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, біз студенттер контингентін 5000 адамға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде шетелдік студенттерді тарту және магистрлік білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы", – деді өз сөзінде ректор.
Сондай-ақ, білім ордасының университет мәртебесіне дейін көтеру, студенттер санын арттыру, профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысын реттеу, жас ғалымдарды қолдау, материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері де қозғалды.
Осыған орай, Құмар Іргебайұлы өз сөзінде жергілікті оқу орнының білікті мамандар даярлаудағы рөліне тоқталды. Аймақ басшысының айтуынша, ел Үкіметі институтқа университет мәртебесін беру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл өз кезегінде оның имиджі мен беделін арттырады, оның дамуына ғана емес, жалпы қалаға жаңа серпін береді.
Аймақ басшысының айтуынша, институтқа университет мәртебесін беру оның имиджі мен беделін арттырып, сондай-ақ оның дамуына ғана емес, жалпы қалаға тың серпін береді. Әкім өз тарапынан қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

3

Қысқаша экскурсиядан кейін өңір басшысы институт базасында Арқалық қаласының қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында қаланың даму болашағы мен басымдықтары туралы әңгімелесіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Мұндай ашық диалог қала өмірін одан да жақсырақ және бәсекеге қабілетті етудің маңызды шарты болып табылатыны сөзсіз.
Сапар соңында облыс әкімі жиналған қауым мен институтқа алдағы уақытта ілгерілеу мен жақсы болашақ тіледі.

4

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ