Altynsarin institute оқу жылын домбыра үнімен аяқтады

Altynsarin institute оқу жылын домбыра үнімен аяқтады

Ы.Алтынсарин ат. Арқалық педагогикалық институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері мен қызметкерлері домбыра күніне арналған «Домбыраның күмбірі – бар қазақтың бірлігі» атты қалалық 1500 домбырашылардың күй тартысына қатысты.

Ауқымды шараға институттың ректорымен бірге бүкіл ұжымы қатысты, оның ішінде кәсіпқойлар да, өнерпаздар да бар. Әр қайсысы осыдан бұрын өткізілген «Күмбірле домбыра» атты институтішілік сайыстың іріктеу кезеңінен өткен. Ең басты талап – қатысушылар 7 күйді қатар орындайды. Күрделілігі бағдарламадағы шығармалардың бірінен соң бірі,  бір мезетте үздіксіз орындалуында.

«Төл аспабымызды төрге шығарып, домбырамызды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында Арқалық қаласының әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға жарты жылдан астам уақыт дайындалдық. Бұл істің маңыздылығын айтып, студенттер мен педагогикалық ұжыммен қатар, институмыздың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін де аталған шараға бір адамдай атсалысуға шақырған болатынбыз. Бүгін ұжымымыздан 130-ға жуық профессорымыз бен қызметкеріміз өнер көрсетті. Қатысушылардың бірқатары қолдарына домбыраны алғаш рет ұстап, ұлттық аспабымызды тартуға машықтанды», – деп мәлім етті институт ректоры Ержан Әмірбекұлы.

Қала әкімі бастаған қатысушылар топтары халық күйлері «Тепең көк», «Балбырауын», «Жастар», Нұрхан Ахметбековтің «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазының күйі «Адай» мен жерлесіміз Бораш Әбеновтің «Желдірмесі» сынды 7 күйді нақышына келтіре орындады. 
Айта кетерлігі, былтыр Ұлттық домбыра күні аясында Арқалық қаласының 1000 домбырашысы бір мезетте қазақтың 5 танымал күйін орындады. Өнер дәріптелген шараға Арқалық қаласының ұжымдары мен шаһар тұрғындары қатысты.
Дәстүрлі шараға айналған күй тартысы гала-концертпен және отшашумен аяқталды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ