ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ЖОО түлектерін құттықтады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі ЖОО түлектерін құттықтады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлы Facebook желісіндегі парақшасында ЖОО түлектерін құттықтады.

«Құрметті достар! Биылғы түлектер толқынына сәттілік тілеймін. Осы күндері елімізде 156 мыннан астам студенттеріміз үлкен өмірге қанат қағып, биікке самғауда. Осы атаулы күні әр түлекке көптен күткен диплом алуымен шын жүректен құттықтаймын!».
Министр өзінің бейнежолдауында ғылым мен жоғары білім саласындағы реформаларға қысқаша тоқталды. Соның ішінде, ғылым мен жоғары білімді дамытудың бекітілген тұжырымдамасы туралы айта кетіп, жұмыс берушілердің түлектерге қойылатын жаңа талаптарына да назар аударды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ