Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Altynsarin institute-ң студенті еліміздің жалауын көтеріп шығады

Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Altynsarin institute-ң студенті еліміздің жалауын көтеріп шығады

28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада өтеді. Халықаралық спорттық іс-шара Қытайда өтетін үшінші студенттік ойындар, Азияда өтетін он бесінші Дүниежүзілік студенттік ойындар болып табылады.

Қазақстан құрамасы сапында 90 студент-спортшы 11 спорт түрінен Қытайда өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттік ойындарға қатысады деп хабарлайды Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі.
Студент-спортшылар жүзу, жеңіл атлетика, семсерлесу, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, у-шу, оқ ату, садақ ату, дайвинг, су полосы, бадминтон, баскетбол, академиялық есу, үлкен теннис, волейболдан өзара сайысқа түседі.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының дене шынықтыру мамандығының 3-курс студенті, Қазақстаның үш дүркін чемпионы, Дзюдо күресінен спорт шебері, Жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Тайланд, Банког) Қаблан Нұрсұлтан (07.07.2003) салтанатты ашылу рәсіміндегі шеруде Қазақстан құрамасының көшін бастап еліміздің жалауын көтеріп шығады.
27 шілде күні 20:00-де (Қытай уақытымен) спортшылар қалашығында мемлекеттік ту көтеру рәсімі, 28 шілде ашылу салтанаты, 8 тамыз жабылу салтанаты өтеді. 27 шілдеде біздің спортшылар садақ ату жарысымен студенттік ойындарды бастайды. Еліміздің құрамасы 26 жоғары оқу орнының студенттерінен құралған.
Айта кетейік, бастапқыда 2021 жылдың 16-27 тамызына жоспарланған Чэнду универсиадасы 2021 жылдың 2 сәуірінде жаһандық COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге шегерілген.
Аталмыш Универсиада жарыстары «Чэнду армандарды шындыққа айналдырады» немесе ағылшын тілінде Chengdu Makes dreams Come True деген ұранмен өтеді. Универсиада тұмары «Rong Bao» - панда 2019 жылдың 30 желтоқсанында таныстырылды.
2019 жылы Халықаралық студенттік спорт федерациясы студенттер арасында футболдан Әлем чемпионаты өтетінін жариялауына байланысты, сол жылдан бастап бұл спорт жазғы Дүниежүзілік студенттік ойындар бағдарламасынан алып тасталды. Десек те, міндетті спорт түрлерінің саны он бес деңгейінде сақталады, өйткені футболдың орнына бадминтон қосылды.
Естеріңізде болса, 2019 жылғы Италияда өткен ХХХ жазғы Универсиаданың нәтижесі бойынша 150 мемлекетті арасында Қазақстан 1 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен 25-орын алған еді. Үздік үштіктер қатарынан Жапония (82 медаль), Ресей (82 медаль), Қытай (43 медаль) көрінген болатын.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ