Altynsarin institute-ң белсенділері «Жас көшбасшылар» жастар лагеріне қатысты

Altynsarin institute-ң белсенділері «Жас көшбасшылар» жастар лагеріне қатысты

2023 жылдың 23-25 тамызы аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенттік белсенділері Қостанай облысы бойынша «Жастар рухы» ҚҚ ұйымдастырған «Жас көшбасшылар» жастар лагерінің жұмысына қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы көпірді нығайтып, олардың әлеуетін ашуға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру. Лисаковск қаласында дәстүрлі түрде өтетін жастардың жазғы лагері облыс басшыларын, оның ішінде жоғары оқу орындары мен колледждердің белсенді және шығармашыл өкілдерін, ірі жастар ұйымдарының мүшелерін, жұмысшы жастарды біріктірді.
Лагерь жұмысының іс-шаралар бағдарламасы тұлғалық және кәсіби дамуды, команда құруға арналған тренингтерді, мастер-класс блогын, шығармашылық кеш, зияткерлік және спорттық ойындар фестивалін қамтыды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы бағдарламаның басты ерекшелігі белгілі сала жетекшілерінің жастармен өз тәжірибесімен бөлісуге дайын спикерлердің қатысуымен мотивациялық диалог алаңдары болды. Жұмыс барысында жастарды дамытуға, жалпы жастар саясатына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Altynsarin institute-ң делегациясы өзін жоғары деңгейде көрсетті. «Үш күн ішінде біз әртүрлі іс-шараларға қатысып, бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Сонымен қатар, білім қорымызды толықтырып, soft skills дағдыларымызды жетілдірдік. Бұрыннан білетін достарымызды кездестіріп, жаңадан келген белсенділермен де таныстық. Бұл шараның атмосферасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Спикерлер бізді шабыттандырып, оқу жылына жаңа күш берді», - деп АрқПИ студенттері өз әсерлерімен бөлісті.
Жастар лагері өз жұмысын шығармашылық фестивальмен және қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ

  • Талапкерге
  • Altynsarin institute туралы
  • Факультеттер
  • Оқу
  • Ғылым
  • Жаңалықтар мен оқиғалар