Altynsarin institute-ң 1 курс студенттері өздерінің алғашқы концертін ұйымдастырды

Altynsarin institute-ң 1 курс студенттері өздерінің алғашқы концертін ұйымдастырды

Студенттер үйінің сахнасында Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-дің 1 курс студенттері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ер ардағы – Ата заң» атты өздерінің алғашқы мерекелік бағдарламасын ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылуы Мемлекеттік Әнұранның салтанатты орындалуымен және институттың әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығының жетекшісі З.Н.Батырованың құттықтау сөзімен басталды. Ол жиналғандарды еліміздің басты мерекелерінің бірімен құттықтады: «Конституция күні – елімізде ерекше мереке. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Осы сәтті пайдалана отырып, Altynsarin institute-ң атынан баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Сондай-ақ іс-шараға атсалысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Бірлескен жұмыстың арқасында біз әрқашан жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз».

Мерекелік бағдарлама барысында үздік шығармалар орындалды. Айта кетерлігі, шара бірінші курс студенттерінің бастамасымен өтті, олар вокалдық-хореографиялық нөмірлерін ұсынып, көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады.


Концерттен кейін көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Студенттер үйінің ұжымы өз әсерлерімен бөлісті: «Осындай тамаша құттықтау үшін алғысымызды білдіреміз. Біз жаз бойы жаңадан келген студенттерімізді асыға күттік, өйткені осындай жарқын шараларды сағындық».


30 тамыз – еліміздің жылнамасындағы тарихи күн. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясында адамның ең жоғары құндылықтары, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленген. Оның мемлекетіміздің дамуындағы рөлін өскелең ұрпақ түсініп жатқаны қуантады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ