«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»: Altynsarin institute ұжымы президент жолдауын тыңдады
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ұжымы тікелей эфирде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жыл сайынғы жолдауын тыңдау үшін мәжіліс залына жиналды.
Биылғы Жолдауда азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, еліміздің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары атап көрсетіліп, өткір мәселелер көрсетіліп, оларды шешу жолдары аталды.
Институт басшылығы, ұстаздар қауымы мен студент жастар Мемлекет басшысының саяси реформалардың жаңа бағдарламасын бірауыздан қолдады.
Президенттің жолдауы мұқият тыңдалып, одан кейін пікірталас өтті.
Педагогикалық институт қызметкерлері Қазақстан халқы Президент Жолдауында көрсетілген мақсат-міндеттерді бірауыздан қолдайтынына сенімді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, көп жылдар бойы қордаланған мәселелер шұғыл шешімін күтуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы жолдауының маңыздылығы оның міндеті Қазақстанды тұрақты даму траекториясына шығару болып табылатын алдағы реформалардың негізгі бағыттарын белгілеуінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде азаматтар үшін өзгерістердің маңыздылығын, елдің қаржы жүйесін жаңарту, құқық қорғау және әлеуметтік жүйелердің тиімділігін арттыру, күшті азаматтық қоғам құру, сондай-ақ барша қазақстандықтардың әл-ауқатының кепілі ретінде қоғамдық сана мен азаматтардың ұмтылысын өзгерту қажеттігін атап өтті.
Altynsarin institute ұжымы Президент Жолдауында айтылған жаңа саяси мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысатын болады.