Оқу жылының алғашқы аптасындағы ректормен жүздесу

Оқу жылының алғашқы аптасындағы ректормен жүздесу

Бүгін 2023 жылдың 7 қыркүйегінде Altynsarin institute-ның акт залында ЖОО ректорының педагогикалық институттың бірінші курс студенттерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтті.

Ректор Ержан Әмірбекұлы барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол іс-шараға қатысқан студенттерге алғысын білдіріп, ЖОО-ның маңызды міндеттерінің бірі – оқытудағы ғылым мен тәжірибенің ұштасуы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол студенттердің кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға, оларды кәсіпкерлік қызметке ынталандыруға және дайындауға бағытталған 3.0 ЖОО-ның ерекшеліктері туралы айтып, институттың таяудағы жоспарлары мен перспективаларымен бөлісті, оқу стипендиясын алу және одан айыру рәсімін түсіндірді, бірінші курс студенттеріне бағыт-бағдар көрсетті.

Іс-шараның маңызды бөлігі студенттердің АрқПИ ректорына дайындаған сұрақтары болды. Қатысушыларды оқу процесі, жатақхана, жеңілдіктер және академиялық ұтқырлық тақырыптары көбірек қызықтырды.
Ректордан басқа кездесуге факультет декандары, ББ басшылары, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығының басшысы қатысты, олар студенттердің өз құзыреттеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында ректор барлық студенттерді студенттік бірлестіктерге кіруге және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтындай үлкен тату отбасының бір бөлігі болуға шақырды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ