Велошабандоздар Altynsarin institute-на ат басын бұрды

Велошабандоздар Altynsarin institute-на ат басын бұрды

Бүгін Altynsarin Institute-на «Атбасар-Амангелді» веложарысына қатысушылар табан тіреді. Амангелді Имановтың 150 жылдығын атап өтуге арналған велосаяхат 454 шақырымды қамтитын Торғай өңірінің аумағы арқылы Атбасар қаласынан Амангелді ауылына өтеді. Велошеру бағытының бір нүктесі Арқалық қаласы болды.

Шеру 2023 жылдың қыркүйек айының бірінші аптасында басталды. Жеті негізгі мүшесі бар құрамадан 78 жастағы егде зейнеткерді кезіктіруге болады. Кейбір аймақтарда жолай қосылған «қонақ велосипедшілер» де шерудің мақсатына ортақтасып жүр.

Велошабандоздардың айтуынша, веложарыстың мақсаты – маршрут жолында орналасқан қалалар мен ауылдардың жастары арасында ұлт-азаттық қозғалыстар жетекшілерінің ерліктерін насихаттау болып табылады. «Атбасар қаласының орталық алаңынан бастау алған шеруіміз Запорожье ауылы, Арқалық, Кенесары қалалары арқылы Амангелді ауылына ат басын тірейді» - деп, атап өтті қатысушылардың бірі.

Біздің институтта веложарыс мүшелерін ректор Ержан Әмірбекұлы қарсы алды. Ректор бастамаға сәттілік тілеп, бұл жарыстың дәстүрлі және танымал болатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, студенттермен кездесу орын алып, өздерін қызықтырған сұрақтарды қою және ортақ фотосурет жасау мүмкіндігі берілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ