Altynsarin  institute-ның ғалымы Бельгиядан тікелей байланыста

Altynsarin institute-ның ғалымы Бельгиядан тікелей байланыста

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері бойынша онлайн-семинар өтті.

Семинардың модераторы орталық басшысы Ж.Байсейітова болды. Ол жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін бірлесіп талқылау тұрғысынан өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Бельгиядан Zoom платформасы арқылы байланысқа шыққан спикер – PhD доктор Әлібек Ескермесұлы болды. Ол ғылыми жобаларға қатысу, оның ішінде шетелдік ғалымдармен бірлесіп, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу және зерттеу нәтижелерін жариялау тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, Бельгияда тағылымдамадан өтіп, әріптестеріне мақалалар жазу және жариялауға дайындық бойынша кеңестер беріп, университеттерде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі туралы айтып берді.
Айта кетейік, Әлібек Ескермесұлы Гент университетінің профессоры М.Ружанскийдің шақыруымен Ghent Analysis & PDE's Center (Бельгия) базасында математика ғылымдары саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кездесу барысы өте жылы және өзара достық ынтымақтастықта өрбіді. Әрбір оқытушы, жас зерттеуші өзі үшін пайдалы ақпарат жинап, талқылауға қатысты, қызықтырған сұрақтарын жолдап, оған жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
ҒЗО басшысының айтуынша, мұндай кездесулер институттағы жас зерттеушілердің түрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кәсіби деңгейін арттыратыны сөзсіз.

Соңында тараптар қорытынды жасап, кейінгі әрекеттерді үйлестірді.
Қатысушылар осы іс-шараның барлық ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, бірлескен ғылыми-әдістемелік және ғылыми жобаларды іске асыруда табыс тіледі.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ