Altynsarin institute-ның студенттері Торғай топырағындағы археологиялық тәжірибеден өтеді

Altynsarin institute-ның студенттері Торғай топырағындағы археологиялық тәжірибеден өтеді

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы» мен «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» өзара Ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Мақсаты – бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған серіктестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту.
Осы Меморандум негізінде қос тарап ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға бағытталған бірлескен семинарлар, конференциялар өткізеді.
Сонымен қатар, институт студенттері археологиялық дала практикасынан өтіп, ары қарай орталықта жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Орталық басшысы Бекболат Уәлиевтің айтуынша, өңірдегі киелі туризмді нығайту шараларына студенттерді тартуда мүдделі . «Біз үшін АрқПИ-ді серіктес ретінде таңдау кездейсоқ емес. ЖОО-ның өзіндік тарихы мен дәстүрі бар. Институт базасында біз бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізе аламыз, ал студенттер үшін бұл тәжірибеден өту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ғылыми жұмыстар жүргізуге жол ашылады», – деді ол.

Өз кезегінде институт ректоры Е.Әмірбекұлы студенттердің тарихи-мәдени мұраны зерттеуге ыңғай білдіруі – рухани дамудың алғышарты болатындығын атап өтті. «Менің ойымша, бүгін қол қойылған құжат біздің өзара тиімді серіктестігімізге жаңа серпін береді және біздің педагогтардың жұмысқа орналасуының жоғары деңгейіне және кәсіби өсуіне ықпал етеді», - деді ректор өз сөзінде.
Нәтижесінде, екі тарап Торғай геоглифтері қазақ археологиясының жаңа кезеңі екендігіне баса назар аударып, келісімшартқа қол қойды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ