1 наурыз – алғыс айту күні құтты болсын!
1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен байланысты белгіленген.
Бұл мерекелік күнді мемлекетіміз 2016 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін тоғызыншы мәрте атап өтуде.
Қазақ шаңырағының астына жиналған тілі бөлек болғанымен тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтуымен сипатталатын күннің өз философиясы бар.
Институтымызда 172 өзге ұлт өкілдерінің студенттері білім алады. Оның ішінде: 56 орыс, 8 украин, 1 белерусь, 97 өзбек, 1 әзірбайжан, 7 татар, 1 ұйғыр, 1 неміс ұлтының студенттері бар.
Altynsarin institute көктемнің төл мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтайды!