Altynsarin institute-да халықаралық ынтымақтастық нығая түсуде

Altynsarin institute-да халықаралық ынтымақтастық нығая түсуде

2024 жылдың 1 наурыз күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты мен Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті арасында ZOOM платформасы арқылы бірлескен онлайн-кездесу өтті.

НМПУ-дегі «Ден шынықтыру және спорт» факультеті мен Altynsarin institute-дағы «Тарих және өнер» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы ынтымақтастық туралы келісім мәселелеріне тоқталды.

Кездесу барысында оқытушылар мен студенттер арасындағы академиялық ұтқырлық, профессор – оқытушылар құрамының бірлесе ғылыми мақалалар әзірлеуі, дөңгелек үстел, семинар, конференция, форумдарға белсенді қатысу жұмыстарын жүргізу аясында келіссөздер жүргізілді.

«6В01403 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының жетекшісі Сундетбай Бейсенбаев және «6В01405 – Көркем еңбек, графика және жобалау» ББ жетекшісі Асия Жамитова спикерлік еткен кездесуде екі тараптың оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасы таныстырылды.

Шара соңын «Тарих және өнер» факультетінің деканы Гүлбаршын Конкина: «Қос оқу орны арасындағы әріптестік перспективалы бағыттарды дамытуға, оқытушылар мен студенттер арасындағы білім беру, кәсіби және мәдени байланыстарды нығайтуға келіп саяды. Біз осы арқылы академиялық қызметті дамытуға, ғылыми-зерттеу саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге қол жеткізіп отырмыз және бұл бізді қуантады», - деп қорытындылады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ