Altynsarin institute студенттері «TEBIREN» ән кешін ұйымдастырды

Altynsarin institute студенттері «TEBIREN» ән кешін ұйымдастырды

Zhuldyz songs ұйымы өнерпаздарының қатысуымен «TEBIREN» атты музыкалық жеке ән концерті өтті.

Концертте резиденттер дуэт, трио, квартет болып, ән шырқады.
Өнерпаздар қазақ тілінде орындалған эстрадалық бағыттағы әндерден бөлек, орыс, француз тіліндегі әндерді де тыңдарманға тарту етті. Әнші студенттер жаңа заман әндері мен ескі әндерді ұштастыра әннен әдемі микс жасаған. Тіпті өздерінің авторлық әндерін де орындап, көпшіліктің көзайымына айналды.

Музыкалық кеште тыңдарманмен де жанды дауыста ән шырқалып, өзара гармония орнады.
Лық толы залда 20-ға жуық ән орындаған Zhuldyz songs ұйымы студенттерге ерекше көңіл-күй сыйлады.


Өнерпаздарға сәттілік тілейміз!

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ