Altynsarin institute-ның жайдарман командасы «Almatay cup» – қыздар кубогында өнер көрсетті

Altynsarin institute-ның жайдарман командасы «Almatay cup» – қыздар кубогында өнер көрсетті

Бар жанарды жаулаған Жайдарман ойындарының 2024 жылғы жаңа маусымы өз бастауын алды.

Биыл алғаш рет «Қазақша КВН» негізін қалаушы марқұм Алматай Бансатдинқызы Көздібаеваның құрметіне «ALMATAY CUP» – Қыздар кубогы ұйымдастырылды.
Осы ойынға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының намысын «Арман» командасы қорғап өнер көрсетті. Бұл команда институтішілік «DRIVE» жайдарман клубының ішінен құрылған.
Айта кетейік, 2024 жылғы жаңа маусым жаңалығы «Маусымашар – 2024» мектеп жасындағы командалар және ересектер үшін болып бөлек өтті. Ересектер үшін 5-11 ақпан аралығында өткен ойында Altynsarin institute-ның жайдарман клубы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, көрермен көзайыма айналды. Алдағы уақытта қыздар эфирлік ойынға қызу дайындық жүргізуде.
Сәттілік тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ