14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күніне арналған «Шын жүректен кітап сыйла!» акциясы

14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күніне арналған «Шын жүректен кітап сыйла!» акциясы

2024 жылдың 14 ақпаны күні - «14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай Ақпараттық-кешендік кітапханасында «Шын жүректен кітап сыйла!» акциясы өтті.

Шара кітапхана оқырмандарының қатысуымен жүзеге асты. Акция шарты бойынша шараға қатысушы әрбір адам өзі оқып-танысқан кітабын жақын досына ұсынып, өзі де келесі оқырманнан бір кітапты сыйға алады.
Іс-шара барысында акцияға қатысушы оқырмандарға қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты сұрақтар қойылып, кітап туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жасырылды.

Акция соңында студенттер өздері оқыған кітапты достарына сыйға тартып, оқыған шығармалары туралы мазмұндады.
Сонымен қатар студенттер «Кітап сыйлау» акциясының маңыздылығына тоқталып, кітаптың құндылығы мен акция турасында өзіндік әсерлерімен бөлісті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ