Altynsarin institute-дағы қысқы спартакиада ойындары өз мәресіне жетті

Altynsarin institute-дағы қысқы спартакиада ойындары өз мәресіне жетті

2024 жылы қаңтар айының 10-12 күндері Altynsarin institute-да профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі «Денсаулық – 2024» спартакиада ойындары өз мәресіне жетті.

Үш күнге ұласып, төрт команда жеті спорт түрінен сайысқа түскен бұл дода жаңа жеңімпаздарды, белгісіз кейіпкерлерді аша түсті деуге толық негіз бар.
«Барыс», «Достар», «Сұңқар», «Намыс» атты командаларға жіктелген жоғары оқу орнының ұжымы осы үш күн ішінде ерекше эмоцияларға бөленіп, әсерлерін жасыра алмады.
Институт ректоры Ержан Әмірбекұлы жеңімпаз командаларды мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйақылармен марапаттап, төрешілер құрамына өз алғысын жеткізді. Ол өз сөзінде: «Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын сақтауға дәнекерлік ететін бұл үрдістің оқу ордасы үшін маңызы зор. Ұжымның ауызбіршілігі мен өзара байланысын нығайта түсетін спартакиада ойындарына өтінім жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бұл – бұқаралық спортқа деген қоғамның оң көзқарасын және жоғары қызығушылығын білдіреді», – деді.

«Волейбол», «Дартс», «Баскетбол», «Үстел теннисі», «Дойбы», «Футбол» және «Арқан тартыс» сынды жеті спорт бойынша төмендегі командалар үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті:
«Волейболдан» І орын – «Намыс» құрамасы;
«Дартстан» (ерлер арасында) І орын – «Сұңқар» құрамасы;
«Дартстан» (қыздар арасында) І орын – «Намыс» құрамасы;

«Баскетболдан» (ерлер арасында) І орын – «Намыс» құрамасы;
«Баскетболдан» (қыздар арасында) І орын – «Достар» құрамасы;

«Үстел теннисінен» І орын – «Барыс» құрамасы;
«Дойбыдан» І орын – «Сұңқар» құрамасы;
«Футболдан» І орын – «Сұңқар» құрамасы;
«Арқан тартыстан» (ерлер арасында) І орын – «Намыс» құрамасы;
«Арқан тартыстан» (қыздар арасында) І орын – «Намыс» құрамасы;
Толық қорытынды нәтиже бойынша «Намыс» командасы І орын, «Сұңқар» командасы ІІ орын, «Достар» және «Барыс» командасы ІІІ орынды иеленді.

Айта кетейік, спартакиаданың жабылу салтанатында үздік жанкүйерлерге де алғыс хат табыс етілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ