Президент 2023 жылы қандай маңызды шешімдер қабылдады
ҚР Президентінің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәлимен сұхбаттан қысқаша ақпарат:
✔үкіметке 6-7% деңгейінде Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуді тапсырды;
✔98 заңға, 344 Жарлыққа, 91 өкімге қол қойды;
✔еліміздің 14 өңіріне жұмыс сапарларымен барды;
✔педагогтердің жалақысы 100% өсті;
✔дәрігерлердің жалақысы 30% – ға, орта медициналық персонал 20% - ға өсті;
✔елге 13,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды;
✔19 шетелдік сапар жасады, шет мемлекеттердің басшыларымен 30 кездесу өткізді.