Altynsarin institute-де жаңа жылдық «Жыл студенті – 2023» мерекелік кеші өтті

Altynsarin institute-де жаңа жылдық «Жыл студенті – 2023» мерекелік кеші өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты студенттерге арналған 2023 жылдың қорытынды мерекелік кешін ұйымдастырды. «Жыл студенті – 2023» тақырыбында өткен шара «Сайора» мейрамханасында салтанатты түрде жүзеге асты.

Жаңа жылдық кештің мақсаты – ғылым, білім, спорт, өнер салаларында қалалық, облыстық, республикалық тіпті, халықаралық деңгейлерде жүлделі орындарға ие болып, жеңістің асқақ шыңынан көрініп және қоғам өміріне белсене араласып жүрген белсенді студенттерді марапаттау.
Шараны Басқарма Төрағасы – ректор Ержан Әмірбекұлы құттықтау сөзімен ашып: «Жоғары мектепте қоғамның айырылмас бөлігіне айнала білу ішкі ерік-жігерді талап етеді. Біздің студенттеріміз мықты мұғалім атанып қана қоймай, өздерінің шығармашылық белсенділіктерін сан салада дәлелдеп келеді. Бұл өздерінің тұлғалық келбетін қалыптастырудағы негізгі баспалдақтардың бірегейі. Сондықтан біз әрбір өзіндік ерекшелігі мен ұстанымы бар әр студентке құрметпен қараймыз»,-деді.

Мерекелік кеште институт басшысы мен декандар 20 номинация бойынша үздік деп танылған студенттерді марапаттады. Атап айтқанда, номинациялар бойынша келесі студенттер жеңімпаз атанды:
1. «Үздік Ғалым» – Шалдыкова Камила
2. «Үздік Спортшы» – Қабылан Нұрсұлтан
3. «Үздік Спортшы» – Исмагилов Ростислав
4. «Үздік Спортшы» – Гулмайра Сагиданова
5. «Үздік Ерікті» – Қабиева Зейнеп
6. «Үздік жастар бірлестігі» – «Ақиқат» дебат клубы
7. «Үздік шығармашыл студент» – Қанатұлы Ерлан
8. «Үздік шығармашыл студент» – Жүсіп Әулетбек
9. «Үздік шығармашыл студент» – Ақылжанов Әсет
10. «№1 Студенттер үйінің үздік бөлмесі» – Марленова Айсана
11. «№2 Студенттер үйінің үздік бөлмесі» – Серікбаева Жаннұр
12. «Үздік Жайдарман ойыншысы» – Өтепбай Жанболат
13. «Үздік Студенттер деканы» – Оңдасынова Айсезім
14. «Үздік староста» – Меңдіқұл Нұрдана
15. «Үздік үлгерімі жоғары студент» – Қонысқара Жұбаныш
16. «Үздік дебатер» – Болатова Жазира
17. «Үздік БАҚ өкілі» – Диханбек Ақнұр
18. «Үздік көшбасшы» – Құндақбаев Айбек
19. «Үздік топ» – Жайықбай Шапағат
20. «Үздік топ» – Қожанова Гүлжан

Айта кетейік, «Жыл студенті – 2023» сутденттік кешінде әдемі ән шырқалып, мың бұралған бишілер өер көрсетті. Сонымен қатар, қызықты ойындар ұйымдастырылып, кеш қонақтары жаңа жылдық таңғажайыптарға куә болды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ