Altynsarin institute оқытушысы «Алтын кітап – 2023» лауреаты атанды

Altynsarin institute оқытушысы «Алтын кітап – 2023» лауреаты атанды

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Арқалық қаласы жастарының «Алтын кітабы – 2023» лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті.

Аталған рәсімге Altynsarin institute-ның педагогика және филология факультеті «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Қасқырбаева Меруерт Мұхтарқызы «Жас ғалым» номинациясы бойынша қатысып, Арқалық қаласы жастарының «Алтын кітабына» енді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілімі 10 жылды құрайтын жеңімпаз оқытушының ғылыми бағыты – «Ғылым мен педагогикалық білімді дамытудың жаңа көзқарастары мен тәсілдері». Жас ғалымның жеке авторлығымен 1 оқу құралы және 1 әдістемелік нұсқаулық жарық көріп, 20-дан астам ғылыми мақаласы жарияланған.

Айта кетейік, 2011 жылдан бастау алған «Алтын кітабы» жобасына күні бүгінге дейін әртүрлі қоғамдық сала бойынша жетістікке жеткен 130 жастың есімі енген. Бұл жоба «Спорт», «Мәдениет және өнер», «Кәсіпкерлік», «Денсаулық сақтау», «Жас көшбасшы», «Жас ғалым», «Ерекше қоғамдық белсенділігі үшін» атты номинациялар бойынша жүзеге асырылады. Сәйкесінше, үздік деп танылған бір ғана номинант жеңімпаз атанады. Жыл соңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Алтын кітап-2023» лауреаттарын биыл қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, марапаттады.

Меруерт Мұхтарқызын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты құттықтайды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ