Altynsarin institute су тасқынынан эвакуацияланған мектеп оқушыларына көңіл-күй сыйлады

Altynsarin institute су тасқынынан эвакуацияланған мектеп оқушыларына көңіл-күй сыйлады

Арқалық қаласының іргесіндегі «Қызыл Жұлдыз», «Сарыторғай» ауылдарының мектеп оқушылары қарғын судың әсірінен қаладағы №5 жалпы білім беретін мектепте білім алуды жалғастыруда.

Altynsarin institute-ның «Жас орда» студенттік бірлестігінің белсенділері су тасқынынан эвакуацияланған оқушыларды рухани қолдау мақсатында «Балалық шақ мерекесі» бағдарламасын ұйымдастырды.
Олар бүлдіршіндер үшін түрлі аниматорлық костюмдермен өнер көрсетіп, бірлесе үй тапсырмасын орындауда әдістемелік көмекпен сүйемелдеді.
Ағымдағы уақытта №5 жалпы білім беретін мектептің базасында 28 бала білім алуда.
Айта кетейік, оқушылардың отбасы қаладағы Ш.Жәнібек 73 мекенжайындағы Политехникалық колледжінің жатаханасына орналасқан.
Сондай-ақ, алдығы уақытта су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға Altynsarin institute-ның психологтары да көмек көрсететін болады.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502