Altynsarin institute мектеп оқушылары үшін педагогикалық сынып құрды

Altynsarin institute мектеп оқушылары үшін педагогикалық сынып құрды

Altynsarin institute мен А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия арасындағы ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы жасалған келісім негізінде педагогикалық сынып құрылды.

2024 жылдың 9 сәуір күні «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Г.Б.Мусирова мен А.Е.Тауекелова А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10-11-сынып оқушыларына «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» (10-сынып) және «Педагогикалық шеберлік» (11-сынып) факультативтік сағат аясында дәріс өткізді.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – педагогикалық мамандықты дәріптеу, жоғары сынып оқушыларын мақсатты кәсіби-педагогикалық бағдарлау, олардың педагогикалық мамандыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, жоғары оқу орнына дейінгі кезеңде педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді дамыту.
Педагогикалық сынып барысында:
- педагогикалық сынып оқушыларын таңдалған курстар бойынша алдағы жұмыстың ерекшеліктерімен таныстыру;
- педагогикалық сынып оқушылары үшін аға оқытушы Г.Б. Мусирова «ХХІ ғасыр педагог тұлғасы», аға оқытушы А.Е.Тауекелова «Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің мәні» тақырыбында интерактивті дәріс өткізді.

Институт базасында ашылған педагогикалық сынып мектеп оқушыларына белсенді эмоционалды әсер сыйлады. Мектеп оқушылары кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуге жаңа серпіліс берген жобаның жалғасуына ниет білдірді.

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502