«Сан ұрпақтың ұлағатты бағбаны» атты әдеби – сазды  кеш өтті

«Сан ұрпақтың ұлағатты бағбаны» атты әдеби – сазды кеш өтті

Altynsarin Institute-да «Сан ұрпақтың ұлағатты бағбаны» атты «Ұстаздар күніне» арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Қалалық Жасөспірімдер театрындағы мерекелік кешті «Тарих және өнер» факультеті ұйымдастырды.
Салтанатты шара 5 қазан – Ұстаздар мерекесімен құттықтау, толқын білім дариясының інжу-маржанын терген ұстаз еңбегіне алғыс білдіру мақсатын көздеді.
Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы институт ұжыма құттықтау лебізін жеткізіп, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табысты педагог атанған бірқатар оқытушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
«Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға - кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін жадында ұстаған қатысушылары мен қонақтар мерекелік кештен ерекше әсер алды.
Айта кетейік, салтанатты жиында Altynsarin Institute-ның педагогтері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатына ие болды.

Кеш барысында күмбір ән, сұлу саз, бұрымды бишілер мен мазмұнды қойылымдарды сахналанды.

Аталған шараға институттың профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлері, студенттер, қаламыздың мектеп, колледж директорлары, сонымен қатар, қала әкімі мен мекеме басшылары шақырылды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ