Ұстаз, саған бас июге рұқсат ет!

Ұстаз, саған бас июге рұқсат ет!

5 қазан – Ұстаздар күні Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті.

Еңбегі елеулі ұстаздардың құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік кешке Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенттері де куә болды.
Қостанай қаласындағы «Жастар сарайы» мәдени орталығындағы ұстазды ұлықтау салтанатты рәсімінен педагогикалық мамандықтың студенттері ерекше әсер алып, сахналық қойылымдарды тамашалап қайтты.

«Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін жадында ұстаған Altynsarin Institute-ның студенттері өздері таңдаған педагогикалық мамандықтан қателеспегендіктерін түсінді.
Барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ