Студенттер Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайында болды

Студенттер Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайында болды

Altynsarin Institute-ның студенттері Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында болып қайтты.

Педагогикалық мамандықтың студенттері – болашақ мұғалімдер дала ұстазына айналған ұлы ағартушының мұражайына баруды тарихи сәтке балайды. Себебі, «Ұстаздар күні» қарсаңында қазақ даласында алғаш мектеп ашқан көрнекті ағартушы педагогтің эксклюзив экспонаттарын көзбен көру үлкен бақыт.
Қорында он екі мыңға жуық экспонатты қамтитын мұражай 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы. Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді.
Мұражай экскурсоводы студенттерге Ы.Алтынсаринің ғұмыртарихынан сыр шертетін танымдық ақпараттар берді.
Сәйкесінше, студенттер де естелік суретке түсіп, өздерінің таңданыстарын жасыра алмады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ