«Жігер» стадионында жігері мұқалмаған жігіттер
«Арқалық қаласындағы «Жігер» стадионында ММА спорт түрінен Қостанай облыстық чемпионаты өтті.
18 жастан үлкен жастар арасында өткен бұл сайысқа Altynsarin Institute-нан үш бірдей студент қатысып, топ жарды.
Айталық:
52 келі салмақта Мейірбек Дарибаев - 3 орын;
70 келі салмақта Нұрдаулет Қапанов - 2 орын;
56 келі салмақта Нодир Муртазаұлы - 3 орын иеленді.
3 бірдей жеңімпаз «Математика», «Математика және информатика» білім беру бағдарламасының студенті.
Жеңімпаздарды, ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!