Altynsarin institute-де мектеп мұғалімдері шетелдік ғалыммен оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту жолдарын талқылады

Altynsarin institute-де мектеп мұғалімдері шетелдік ғалыммен оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту жолдарын талқылады

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту жолдары» атты халықаралық әдістемелік семинар өтті.

Семинар аясында қазақстандық ғалымдар мен студенттер Индонезиядан шақырылған шетелдік ғалым Сұлтан Сайриф атындағы Мемлекеттік Ислам университетінің техникалық және кәсіптік білім докторы, профессор Мухаммад Лутфимен ғылыми ақпараттармен алмасты.
Өз сөзінде шетелдік ғалым цифрландыру және ақпараттық технологияларды дамыту арқылы өңірдегі оң өзгерістерге және республика экономикасын аса қажетті кадрлармен толықтыруға жол ашылғанын атап өтті.
Бұл шараға Алматы, Түркістан, Қостанай облыстарының мектеп мұғалімдері де белсенді түрде қатысып, цифрлық сауаттылық, цифрлық технологиялар мен робототехниканы білім беруде қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Президент Қ.К.Тоқаев Digital Bridge форумында сөйлеген сөзінде – Қазақстанда оқушыларды цифрлық сауаттылыққа және информатикаға оқыту сапасын арттыруды тапсырғандығын атап өту керек.
Халықаралық семинар тыңдаушылары айтулы шараның өткізілуін жоғары бағалады. Олар Индонезиядан шақырылған шетелдік ғалым Мұхаммед Лутфиге, сондай-ақ «Информатика және Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының ұйымдастырушыларына ерекше алғыстарын білдірді.
Шара соңында баяндамашылар алғыс хаттар және сертификаттармен марапатталды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ