Altynsarin institute «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды.
Күні кеше Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ студенттері «Таза өлке» науқанына қатысып, сенбілікке шықты.
Аталмыш шараның мақсаты - елді мекендер мен қоғамдық кеңістіктердің сыртқы келбетінің тазалығын сақтау және қоғамдық ортаның әсемдігіне жауапкершілік алу.
Жалпыхалықтық сипатқа ие сенбілікте Арқалық қаласы әкімдігі мекемелерге жауапты жер учаскілерін бөліп берді. Институтқа бекітілген алаңды тазалауға студенттік бірлестіктедің белсенділері, #1 және #2 Жатақхананың студенттері жұмылдырылды.
Айта кетейік, науқан «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» деген бірнеше тақырыптарға бөлініп, ары қарай да жалғасатын болады.