АрқПИ географтары мен тарихшылары Татарстанды зерттеуде

АрқПИ географтары мен тарихшылары Татарстанды зерттеуде

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 4 студенті және бір аға оқытушысы Татарстанда болды. Бір апта бойы НМПУ-дегі Тарих-география факультетінің студенттері мен оқытушылары қазақстандық студенттер мен тарих пәнінің оқытушысы Гүлзада Бижанованы факультет қызметімен таныстырды.

Қонақтар «Antigua» археологиялық үйірмесіне болды. Археолог-студенттер Төменгі Прикамья аумағындағы археологиялық зерттеулер туралы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ олар археологиялық олжалар жинағын көрсетіп, археологиялық үйірменің бағыттары туралы әңгімеледі.
Арқалық педагогикалық институтының географ-студенті Лаура Қайбагорова «Гелиос» экологиялық-географиялық клубының өкілдерімен кездесті. Клуб басшылары мен белсенділері қонаққа университеттегі экологиялық қызметі және «Төменгі Кама» ұлттық паркінің түрлі акцияларына қатысу туралы айтып берді.
Тарих, география және оларды оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Татьяна Гайфутдинова Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы туристік-экспедициялық клубтың жұмысымен таныстырды.
Қонақтар «Жеңіс мұрагерлері» әскери-тарихи клубының өкілдерімен де кездесті. Олар клубтың тарихымен, сондай-ақ Бүкілресейлік деңгейдегі түрлі конкурстарда, гранттарда және іс-шараларда алған тәжірибелері мен жетістіктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, студенттер өз елдерінде оқу, Қазақстан мен Ресейде туризм мен экологияны дамыту туралы қызықты фактілермен алмасты, ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.
Набережные Челны мемлекеттік университетінің тарих-география факультетінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы Гүлзада Бижанова және тарихшылары мен географтары Отбасы жылына арналған «Әлеуметтік-гуманитарлық проблемаларды заманауи зерттеу» Х өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
Секциялар жұмысының барысында Ресей, Татарстан тарихының, жалпы тарихтың, өлкетанудың, қоғамның әлеуметтік-философиялық аспектілерінің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды. Студенттердің «Менің отбасым – менің елімнің тарихында» тақырыбында дайындаған ойларын атап өту қажет.
Студент Дамир Аңсағанның «Қазақстанда латын графикасын енгізудің тарихи алғышарттары» тақырыбындағы баяндамасы «Жалпыға ортақ Тарих: Ежелгі әлем, орта ғасырлар, жаңа уақыт» секциясында екінші орынды иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, студенттер мен оқытушылардың тағылымдамасы екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық аясында өтті.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ