Халықаралық олимпиадада математик студенттер жүлдегер атанды
2024 жылдың 22 сәуір күні Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті халықаралық студенттердің қатысуымен математикадан жоғары оқу орындары арасында студенттік олимпиада ұйымдастырды.
ЖОО аралық студенттік олимпиаданы математика, физика және оларды оқыту әдістемесі кафедрасы өткізді.
Олимпиада Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазан Федералды университетінің Набережные Челны институты, Елабуга институты ҚФУ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Қазақстан) сынды 4 алаңды қамтыды. Олимпиадаға аталған ЖОО бойынша 1-5 курстың 166 студенті қатысты.
Нәтижесінде Altynsarin institute, «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің екі студенті жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Олар:
«6В01507 – Математика және физика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Анеля Сабитова;
«6В01508 – Математика және информатика» ББ 4 курс студенті Мақсат Сапабек.
Altynsarin institute-ның студенттерін құттықтаймыз!