Altynsarin institute-ның қызметкерлері елордада өткен ауқымды семинарға қатысты

Altynsarin institute-ның қызметкерлері елордада өткен ауқымды семинарға қатысты

15 мамыр күні Астана қаласында «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» атты ауқымды жобаның қорытынды семинары өтті.

Жиынға Altynsarin institute-нан Академиялық бағдарламалар және әдістемелік жұмыс офисінің басшысы Жұмабаева Сәния Бақытжанқызы, «Педагогика және филология факультетінің» оқытушысы Нұрсали Қуаныш Сабыржанұлы, «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің оқытушысы Нүркенова Әйгерім Дауылбайқызы қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Финляндияның Қазақстандағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, Дүниежүзілік банк Жоба бойынша топ жетекшісі Телле Хайликари бой көрсеткен семинарда Дүниежүзілік банктің Қазақстанда педагогикалық білім беруді дамытуға бағытталған «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде іске асырылатын өзара байланысты екі келісімшарт аяқталатыны айтылды.
«Жоба аясында соңғы төрт жылда жоғары оқу орындарының 2200-ден астам профессорлық-оқытушылық құрамы мен орта білім беру саласының басшылары Қазақстанның барлық өңірлерінде білім беру бағдарламалары мен силлабустарды әзірлеу, жоғары білім беру педагогикасының инновациялық бағыттары, зерттеулер негізінде педагогикалық білім беру, университеттер мен орта мектептер арасындағы ынтымақтастық бойынша оқудан өтті», - деп атап өтті министр
.


Айта кетейік, аталмыш жоба шеңберінде білім беру саласындағы өзгерістер жетекшілердің, педагогикалық бағыттағы ЖОО-ның 200 оқытушысы және ауылдық мектептердің 50 директорының біліктілігі арттырылды.

Сонымен қатар еліміздің педагогикалық бағыттағы 25 жоғары оқу орны биология, химия және физика пәндері кабинеттерімен жарақтандырылды. Соның ішінде Altynsarin institute-ның базасында да «Бейорганикалық, аналитикалық, физикалық және коллоидтық химия» және «Адам және жануар анатомиясы мен физиологиясы» атты зертхана ашылды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ