Арқалықта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үйлі болды
Елдегі су тасқынының салдарынан жапа шеккен Қостанай облысына қарасты Қызылжұлдыз және Сарытоғай ауылдарының тұрғындары Арқалық қаласында жаңа баспанаға ие болды.
Көпжылдық баспаналарынан бір сәтте айырылған тұрғындар сол мезетте эвакопунктіге орналастырылып, қажетті қолдаулармен қамтамасыз етілді. Университеттің «Үшінші миссиясын» іс жүзінде жүзеге асырып жүрген Altynsarin institute да бұл жағдайда белсенділік танытты.
Мәселен:
- ПОҚ мен студенттер аталмыш ауылдарға барып, қар суының қауіпін сейілтуге тырысты;
- «Жас Орда» студенттік бірлестігінің бір топ белсенділері эвакуацияланған бүлдіршіндерге «Балалық шақ» мерекелік бағдарламасын тарту етті;
- «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы мен Әлеуметтік-психологиялық қызмет психологтары тұрақты түрде тұрғындарға психологиялық қолдау шараларын ұйымдастырды;
- Зардап шеккен отбасылар институтқа шақырту алып, арнайы экскурсияға куә болды және т.б.
Ал, қазір ауылдан қалаға қоныс аударған тұрғындар болған істің өз жағымды тұстары барын да алдыға тартуда. Осы және өзге де ақпараттарды Altynsarin institute тұрғындармен жеке тілдесіп, анықтап қайтты.
Арнайы әзірлеген бейнероликтің толық нұсқасын институттың Youtube арнасынан тамашалай аласыздар!