Жас мамандардың жұмысты өтеу міндеті туралы кездесу өтті
Қандай жағдайларда мемлекеттік грантты өтеуден босатылады? Түлекке жұмысқа орналасуға қанша уақыт беріледі?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының бітіруші түлектері «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Ақзира Серікқалимен онлайн кездесуде білді.
Маманның айтуынша, елімізде бюджет қаражаты есебінен, жалпы білім гранты негізінде және ауылдық квота негізінде білім алған түлектер 3 жыл ішінде, «Серпін 2050» әлеуметтік бағдарламасы негізінде білім алған түлектер бекітілген 8 аймақта 2 жыл грантты өтеу керек.
Бұл жауапкершіліктен бірнеше категория ғана босатылған:
- бос жұмыс орындары жоқ елді мекенде тұратын адамдар;
- I және II топтағы мүгедектер;
- мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде магистратураға оқуын оқуға түскендер;
- жүкті әйелдер;
- 3 жасқа дейінгі баласы (балалары) барлар мен оларды өз бетінше тәрбиелеп отырған адамдар.
Жас мамандардың жұмысты өтеу міндеті туралы толығырақ ақпарат алу