Қазақстан барысында Қостанай облысының намысын Altynsarin institute-ның студенті қорғайды

Қазақстан барысында Қостанай облысының намысын Altynsarin institute-ның студенті қорғайды

Қазақ күресінен ағымдағы жылдың облыстық іріктеу турнирінде Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ студенті Нұрсұлтан Қаблан топ жарды.

Ол Қостанай қаласында өткен «Қостанай қыраны – 2024» шаршы алаңында үздік өнер көрсетіп, республикалық «Қазақстан барысы – 2024» байқауына жолдама алды.
Нұрсұлтан «6В01403 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курсында білім алады. Институттың бітіруші түлегі бұған дейін Дзюдодан ҚР-ның екі мәрте чемпионы атанған. Дзюдо күресінен спорт шеберінің Португалия, Эквадор, Тайландтың астанасы Бангкок қаласында өткен Халықаралық жарыстардан еншілеген жүлделері жетерлік.
Арқалық қаласының намысын қорғаған палуан финалда Жанкелдин ауданының атынан қатысқан былтырғы Қостанай қыраны Аслан Сағитбекті кездесудің екінші минутында іліп шалу әдісімен таза құлатты.
Ең қызығы, Нұрсұлтан дәл осы турнирге алғаш мәрте қатысып, үлкен нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Спорт додаларында қарсыласына есе жібермей келе жатқан Altynsarin institute-ның студентін кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Сондай-ақ, алдыда өтетін қазақстандықтар көз тіккен дүбірлі додада дарабозымыздың алшысы оңынан түсуін тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ