Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алған түлектерді мемлекеттік қызметке тарту бойынша АНЫҚТАМА

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алған түлектерді мемлекеттік қызметке тарту бойынша АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) жоғары білімді жастарды өңірлердегі мемлекеттік әкімшілік лауазымға тарту бойынша келесі жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Бұл ретте, 2022 жылдың желтоқсан айында енгізілген өзгерістермен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабы 6-тармағына сәйкес, жақсы оқу үлгерімін көрсетіп, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алған жоғары оқу орындарының түлектеріне оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аймақтардағы жекелеген лауазымдарға конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігі берілді.
Осыған орай, Агенттіктің 2023 жылғы 11 ақпандағы
№38 бұйрығымен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша орналасу мүмкіндігі берілген оқу нәтижелерінің мәндері
3,33 төмен емес (әріптік жүйе бойынша бағалар – В+, балдардың сандық эквиваленті – 3,33, балдар (%-тік құрамы) – 85-89, дәстүрлі жүйе бойынша бағалар - жақсы) болып бекітілді.
Өз кезегінде, түлектер келесі лауазымдарға орналаса алады:
1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымы (бас маман немесе жетекші маман);
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшылық емес лауазымы (бас маман немесе жетекші маман);
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымы (бас маман немесе жетекші маман);
4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымы (бас маман немесе жетекші маман).

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ