Altynsarin istitute-дағы демалыс бөлмесі

Altynsarin istitute-дағы демалыс бөлмесі

Оқу жылының соңына қарай Altynsarin institute-да профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған демалыс бөлмесі ашылды.

Мұнда институт ұжымы ой тынықтырып, жүрек жалғауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, оқытушылар дәрістерден соң, ал өзге де қызметкерлер жұмыс арасында шағын үзіліс жариялап, бой сергітуіне әбден болады.
Жайлы жиһаздармен жабдықталған демалыс бөлмесінде ас үйдің қажеттеліктерімен қоса теледидар орнатылған. Нақтырақ айтқанда, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, кофе машинасы бар.

Әріптестермен бір сәт пікір алмасуға, шай үстінде сұхбаттасуға болатын демалыс айлағы қолайлы атмосфераның кепіліне айналуда.
Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлының бастамасымен жүзеге асырылған бұл идея институт ұжымының қолдауына ие болды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ