Altynsarin institute өзінің жаңа студенттерін қабылдауда

Altynsarin institute өзінің жаңа студенттерін қабылдауда

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 2024-2025 оқу жылының 1 курс студенттерін құшақ жая қабыл алды.

Студенттермен тұрақты қарым-қатынасты дамытуға ынталандыру және оларға қажетті қолдау көрсетуге бағытталған шаралар желісі әр білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асуда.
Еліміздің түкпір-түкпірінен мұғалім мамандығын таңдап, Арқалыққа оқуға келген 1 курс студенттері қаланың тыныс-тіршілігімен, оқу ордасының атмосферасымен, жатақханадағы тәртіп-ережелерімен жіті танысу үстінде.

Сонымен қатар, студенттер білім шаңырағындағы мұражай, кітапхана, дәрісхана және зертханалық орталықтармен танысу мүмкіндігін иеленді.
Бұл ретте білім беру бағдарламаларының жетекшілері бастаған профессор – оқытушылар құрамы, белсенді студенттер қатары жаңа буынды жан-жақты қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.
Бүгінде бұл үрдіс тұрақты жалғасын тауып келеді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ