Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Білім күніне арналған салтанатты іс-шарасын өткізді
Жиынға институт басшылығы мен профессорлары, оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Басқарма Төрағасы - Ректор Ержан Әмірбекұлы өзінің құттықтау сөзінде студенттер мен олардың ата-аналарына дем беріп, сапалы білім, саналы орта, мықты маман болып шығатындықтарына зор сенім білдірді.
Шара барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, соңы мерекелік концертке ұласты.