Бүгін Қазақстан халқының тілдері күні
Мереке 2017 жылы Үкімет қаулысымен 22 қыркүйектен 5 қыркүйекке ауыстырылды. Атаулы датаның өзгеру себебі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы сондай-ақ, шебер аудармашы. Ол орыс классиктерінің шығармаларын ана тілімізге аударып, қазақ әдебиетінің дамуына да үлесін қосты.